Облыс орталығында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Абай атындағы Семей музыкалық-драма театрында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ер – елінің қорғаны» атты салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, қоғам және мәдениет қайраткерлері, ардагерлердің ұрпақтары мен өңірдің белсенді азаматтары қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Ұлы Отан соғысы жылдарында Абай өлкесінен майданға 106 мыңнан астам адам аттанғанын атап өтіп, қазақ жауынгерлерінің ерлігін жадымызда сақтап қалу маңыздылығын айтты. Сонымен қатар, бүгінде ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген әскери қызметкерлер мен құқық қорғау саласының өкілдеріне алғыс білдірді.

Мерекелік кеш мазмұнды, көрерменді баураған театрландырылған көріністермен, патриоттық әндермен және хореографиялық композициялармен әрленді.

Кеш барысында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі мен «Дариға-ай» театрының әртістері көрермендерді өнерлерімен тамсандырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/993353?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді