Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бекіткен 2025 жылғы 28 сәуірдегі кестеге сәйкес, 2025 жылғы 5 мамырда Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Жандарбекұлы Байзақ және Жамбыл аудандарына іссапармен барды.
Сапар барысында бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде онкологиялық көмектің ұйымдастырылуы, онкологиялық қызмет бойынша көрсеткіштердің орындалуы, сондай-ақ медициналық кадрлармен, әсіресе онкологтармен қамтамасыз етілуі бағаланды. Ерекше көңіл 0-I сатыдағы қатерлі ісіктерді ерте анықтау, әйелдер мен ерлерді қарау бөлмелерінің жұмысы, ситуациялық орталықтың қызметі, скринингтік іс-шаралар мен онкологиялық науқастарды диспансерлеу мәселелеріне бөлінді.
Жамбыл ауданында онколог маманның тек 0,25 ставкамен ғана жұмыс істейтіні — кадр мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Сонымен қатар, 2025 жылдың алғашқы төрт айында бұл екі аудан да визуалды анықталатын қатерлі ісіктің III-IV сатыларын анықтау және бесжылдық өмір сүру көрсеткіштері бойынша межеленген индикаторларға қол жеткізе алмағаны анықталды.
Жалпы тәжірибелі дәрігерлермен скрининг жүргізу, үш деңгейде де онкологиялық қырағылықты арттыру және мобильді бригадалардың жұмысы бойынша әңгімелесулер өткізілді. Сапар қорытындысы бойынша 0-I сатыдағы қатерлі ісіктерді ерте анықтау мәселесін ерекше бақылауға алып, онкологиялық қызмет бойынша бес негізгі көрсеткіштің орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды. Сондай-ақ, онкологиялық қырағылық бойынша ситуациялық орталықтың жұмысын жандандыру, онкологиялық науқастардың жол картасы бойынша уақытылы тексерілуін қамтамасыз ету, ал Жамбыл ауданында ситуациялық орталық қызметін үйлестіруге жауапты тұлғаны бекіту тапсырылды. Визуалды анықталатын онкопатология түрлерін ерте анықтау мақсатында қарау бөлмелерінің жұмысын күшейту қажеттілігі де атап өтілді. Жамбыл ауданында онколог дәрігер қызметін толық (1,0) ставкамен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. Сонымен қатар, сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында скринингтік жұмыстарды жалғастыруға ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-densaulyk/press/news/details/993528?lang=kk
Жауап қалдыру