Облыстық мәслихаттың әлеуметтік- мәдени даму, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 6 мамыр күні әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында еңбек мобильділігі орталығының қызметі мәселесі қаралды.

✔️ Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Л. Оразбаеваның айтуынша, өңірлік жұмыспен қамту картасының жүзеге асыру — Еңбек мобильдігі орталығының негізгі міндеттерінің бірі.

💬 – Былтыр облыста 29 879 жұмыс орны құрылып, 56 555 адам жұмыспен қамтылды. Биыл 25 642 жұмыс орнын құрып, Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 54 234 жұмыссыз азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күнге 13 661 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 26 пайызға орындалып отыр. Жоспардың орындалуы барлық ауданда төмен, әсіресе, Әйтеке би ауданында өте төмен — 0,7 пайыз, Ырғызда — 1,1 пайыз, Ойылда — 2,1 пайыз, Қобдада — 3,1 пайыз, Мұғалжарда — 3,2 пайыз, – деді ол.

🔹 Бүгінде облыстағы ақылы қоғамдық жұмысқа жолданатын азаматтардың басым көпшілігі — 50-60 жас аралығындағы азаматтар. Ауылдық елді мекендерде тұрақты жұмыс орындары тапшы, сол себепті көпбалалы, атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылғандар жұмыспен қамтудың тек осы түріне бағытталады. Сондықтан субсидияланатын жұмыстың бұл түріне сұраныс жоғары.

🔸 2024 жылы қоғамдық жұмыстарға 5547 адам бағытталып, оларға 3 577,8 млн.теңге жұмсалса, осы жылы 3255 адам бағытталып отыр.

🔰 Отырыста депутаттар басқарма басшысына өз сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін айтты. Аудандарда жүйелі жұмыстардың жүргізілуі керектігі, тұрғындарды жұмыспен қамту басты міндет екендігі айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe-district/press/news/details/993298?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді