Орал қаласында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласында алты және одан да көп бала тәрбиелеп өсірген аналарға арналған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Аталған наградалар отбасы институтын нығайтуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан аналарды көтермелеу мақсатында тағайындалған.

Марапаттарды Орал қаласы әкімінің аппараты басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Мейрамұлы Дәуешов табыстап, өзінің құттықтау сөзінде ананың қоғамдағы рөлі мен маңызын ерекше атап өтті.

«Ана болу — отбасы мен ұлттың рухани өзегі. Бүгінгі беріліп отырған наградалар – бұл аналар еңбегіне көрсетілген зор құрмет, ел дамуына қосқан үлестің айғағы»,деді ол.

Марапатталған аналар – көп балалы отбасында ұрпақ тәрбиелеумен қатар, қоғамдастыққа үлгі боларлық өнегелі өмір салтын ұстанып келе жатқан азаматшалар. Олар отбасы құндылықтарын насихаттап, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп отыр.

Салтанатты шара жылы әрі құрметті атмосферада өтті. Аналарға төсбелгілер, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Шараға қатысушылар мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылықтарын білдірді.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар отбасы институтын нығайту, ана мәртебесін көтеру және жауапты ата-аналықты ынталандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/993781?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді