
Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. Еліміздің Қарулы Күштердің жауынгерлері төзімділік пен батылдықтың даңқты дәстүрлерін жалғастыруда.
Қорғаныс қабілетін нығайту – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Республикамыздың Қарулы күштері бүгінде заманауи техникамен жарақтандырылып, жаңа технологиялар белсенді енгізілуде. Әскери дайындықтың қарқындылығы мен сапасы артуда.
Мерекеге орай ағымдағы жылы 6 мамыр күні Жаңатас қаласының орталық алаңында аудандық сапта жүріп ән айту байқауы өтті.
Аталған шараға Сарысу ауданының әкімі Сакен Мамытов, Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, құқық қорғау органдары, мекеме басшылары, білім беру ұйымдары мен қала тұрғындары қатысты.
Мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков Қарулы Күштері жауынгерлері мен ардагерлерін құттықтады: – Біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз, Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз. Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, бар өмірін әскери іске арнаған, елімізді қорғап, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, құқық қорғау және арнайы органдарда қызмет атқарып, халқымыздың тыныштығын қамтамасыз ететіндерге ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Ауданымыздың сарбаздарыда өздерінің қажыр-қайраттарын, қайсарлықтарын арнап, халқымыздың игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз,- деді.
Құттықтаудан соң, мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі мен жемісті еңбегі үшін бірқатар азаматтарды Сарысу ауданының Құрмет грамотасы және Сарысу аудандық мәслихатының Алғыс хатымен марапаттады.
Байқаудың қорытындысы бойынша бірқатар мектептерден командаларының оқушылары жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды.
Шараның соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Әскери қызметшілердің бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтып, өсер ұрпақ үлгі тұтарлықтай, ержүрек, намысшыл, адал, қайсар мінезді сарбаздар тәрбиелеу, еліміздің елдігін, мемлекеттің тұтастығын сақтау әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз әрі парызымыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sarysu/press/news/details/992438?lang=kk
Жауап қалдыру