
Қазақстанның құрметті журналисі Серік Сексенов 75 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ол өмірінің жартысына жуығын журналистикаға арнаған. 30 жылдан астам уақыт облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілшіден бас редактордың орынбасарына дейінгі қызметтерді атқарған.
Аймақ басшысының атынан белгілі журналисті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей құттықтады. Ол мерейтой иесіне БАҚ дамуына, жас журналистерді тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыс тіледі.
– Сіздің барлық материалдарыңыз – өңіріміздің тарихы мен дамуының шежіресі. Сіз талантты журналист, көрнекті әрі мақсатты адамсыз, – деді Әлібек Әлденей.
Кездесуге әріптестері де қатысты.
Олар өз құттықтауларында Серік Сексеновтың шығармашылық еңбегін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/993656?lang=kk
Жауап қалдыру