
⚜7 мамыр күні Жетібай ауылында 16 пәтер кілті табысталды. Табыстау рәсіміне аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл ақсақалдары, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында: «Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты міндетіміз. Әсіресе, әлеуметтік осал топтарды қолдау үшін тұрғын үй қолжетімді болуы керек» – деп атап өтті. Осы орайда, бүгін міне Жетібай ауылында 16 пәтердің кілтін табыстап отырмыз. Бұл игі істер – ел игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар. Баспана – әр азаматтың өміріндегі басты қажеттіліктердің бірі. Қоныстарыңыз құтты болсын!,- деді аудан басшысы Сымбат Қуанышұлы.
⚜️ Қарақия ауданы бойынша қазіргі таңда 754 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде: әлеуметтік жағынан осал топтар – 347; Жетім балалар – 28; Көп балалы отбасы – 213; Бюджеттік санат – 166.
⚜️Тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы мемлекет тарапынан 701,2 миллион теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 44 отбасы баспаналы болды. 2025 жылы аудан көлемінде 20 пәтер сатып алу жоспарлануда.
⚜️Бұл игі істер – ел игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар. Баспана – әр азаматтың өміріндегі басты қажеттіліктердің бірі. Сондықтан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/992622?lang=kk
Жауап қалдыру