Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы жетістіктері Испанияда айтылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 7 мамыр, Мадрид – Испанияның Сыртқы істер, Еуропылық Одақ және ынтымақтастық министрілігінде Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссиясы (бұдан әрі – ӨЖҚХК) Бас ассамблеясының жыл сайынғы кезекті отырысы орын алды.

Аталған кездесуге ӨЖҚХК басшылығы мен мүшелері, ұйымға Қолдау тобы мүше елдердің өкілдері мен болу еліндегі дипломатиялық корпус қатысып, оның барысында Қазақстанның Испания Корольдігіндегі Елшісі Данат Мұсаев сөз сөйледі.

Қазақ дипломаты өз сөзінде ҚР-дың Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативтік хаттамасына – өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылу туралы шешімін атап өтіп, ҚР-да жүргізіліп жатқан реформалар мен адам құқықтарын қорғау саласындағы ағымдағы жұмысты қорытындылап, еліміздің бірқатар бастамалары, соның ішінде өткен жылы 15 сәуірде ҚР Президенті әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдарға қол қойғаны туралы атап өтті.

Бұдан басқа, іс-шараға қатысушылар ӨЖҚХК мәртебесі мен функциялары туралы келісімді, ұйымның болашақ стратегиясы мен бюджетін талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/992487?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді