ҚР Әділет министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 11-12 мамыры аралығында Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанға  ресми сапармен келді

Шара барысында ҚР Әділет министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев пен Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрі Абдулла бен Сұлтан бен Ауад Әл-Нуаими ҚР Әділет министрлігі мен БАӘ Әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Аталған Меморандум құқықтық ақпарат алмасу, сот сараптамасы, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, адвокатура және тиісті салаларда ақпараттық технологияларды енгізу бағыттарында ынтымақтастық орнатуға бағытталған.

Бұл екіжақты құжатқа қол қойылуы бұрыннан қалыптасқан өзара іс-қимыл негіздерін одан әрі нығайтуға және құқық саласындағы жаңа бағыттар бойынша екі ведомство арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ететін маңызды қадам болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/993598?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді