ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, ережелері мен мерзімдері бойынша медициналық мекемелерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    Сонымен қатар семинар – кеңес барысында, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті алу кезінде дәлелді бас тартулардың негізгі себептері айтылды.

      Семинар – кеңес барысында, барлық қатысушыларды GPP тиісті дәріханалық  практика стандартын  енгізу бойынша жұмысты жандандыруға шақырылды. Стандарттың негізгі талаптарына және инспекция барысында жиі кездесетін сәйкессіздіктерге тоқталды.

       Семинарда келіп түскен сұрақтарға жауап берілді.

       Сонымен қатар, туындаған барлық сұрақтар бойынша Департаментке Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі, 9 Б мекен-жай бойынша немесе телефон:502161 арқылы хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-aktobe/press/news/details/993606?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді