Семейде Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Семей қаласында мерекелік шара ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтары Бейбітшілік аралында бас қосты.

Салтанатты іс-шараға Абай облысының әкімі Берік Уәли, облыстық мәслихаттың төрағасы Шалқар Байбеков, қоғамдық ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Мерекелік бағдарламаның аясында ұлттық қолөнер жәрмеңкесі, спорттық ойындар, интерактивті алаңдар, балаларға арналған ойын алаңдары және қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сахна төрінде түрлі ұлт өкілдері өнер көрсетіп, қазақ, орыс, татар, кәріс және өзге де этностардың ән-билері орындалды.

Абай облысының әкімі Берік Уәли жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, достық пен келісімнің ел бірлігін нығайтудағы рөлін атап өтті.

Көпшілік мерекелік шарадан көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/993339?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді