ШАРДАРАДА: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ҮЗДІКСІЗ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шардара ауданында көктемгі тазалық жұмыстары атқарылды. Атқарылған жұмыстар аясында шөптер шабылып, аяқ жолдар ретке келтірілуде. Аудандық сенбілікке, мекемелер, еріктілер және қоғамдық жұмысшылармен барлығы мыңнан астам адам қатысып, 28 арнайы техника тартылды. Нәтижесінде 54 тонна қоқыс арнайы полигонға төгілді. Жалпы биылғы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында ауданнан тазалыққа 22980 адам қатысып 578 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар шығарылған.
Сонымен қатар, ауданды көгалдандыру мақсатында көктемгі маусымға 20 150 түп көшет отырғызылған. Одан бөлек, Шардара-Келес, Шардара-Жетісай, Шардара-Арыс облыстық маңызы бар күре жолдар бойына тазалық жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 103 шақырым аяқ жолдар мен 183 шақырым ирригация жүйелері тазаланған.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/993321?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді