ШЫҢҒЫРЛАУДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шыңғырлау ауданында өткен балалар мен кіші жасөспірімдер арасындағы тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған зияткерлік додада өңірдің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар білімдері мен шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін ұсынды.
Жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, арнайы дипломдар мен медальдарға ие болды.
Шара соңында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев ұйымдастырушылар мен төрешілерге алғыс айтып, чемпионаттың жоғары деңгейде өтіуіне мұрындық болған БҚО Тоғызқұмалақ федерациясына ризашылғын білдіріп, өз атынан алғыс хат табыс етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/993379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді