
Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері «Қостанай – Алматы» бағытындағы темір жол арқылы жолаушыларды тасымалдау сапасына мониторинг жүргізді.
Акция аясында вагон бөлмелерінің жағдайына алдын ала тексеру жүргізіліп, тазалау үдерісі зерделенді. Жолаушыларға ұсынылатын гигиеналық құралдардың бар-жоғына, санитарлық тораптардың, терезелердің, сөрелер қаптамасының және басқа да элементтердің күйіне ерекше назар аударылды.
Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен бірлесіп өткізілген іс-шаралар аясында тасымалдаушы «Турксіб-Астана» ЖШС-і шағымдарды қабылдау және өңдеу мақсатында кері байланысқа арналған QR-кодтарды енгізген болатын.
QR-кодтар тасымалдаушының барлық вагондарында орналастырылып, жолаушыларға қолдау чатына тәулік бойы тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Мониторинг нәтижиесінде жолсеріктер мен тасымалдаушыға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасау және теміржол жолаушылар тасымалы саласында құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kostanay/press/news/details/993621?lang=kk
Жауап қалдыру