
Бүгін Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы атап өтілуде.
Новодолинский кентінде осы айтулы датаға арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Жеңіс күні – бұл халықтық мереке, ол өз ішінде қуаныш пен қайғыны, тарихымызға деген мақтаныш пен ұмытылмас ерлікті біріктірген күн.
Жеңіс Стеласына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Кент әкімі Е.С. Исатаев, ардагерлер кеңесінің төрайымы Н.М. Куцай және кент тұрғындары жерлестерімізге деген құрмет пен шексіз алғыстың белгісі ретінде гүл шоқтарын қойды. Біздің жерлестеріміз – Новодолинский кентінің тұрғындарының да ерліктері еліміздің даңқты әскери шежіресінде орын алғанын мақтанышпен айтамыз.
Кенттің мәдениет үйінде «Жеңісті көктемнің мамыр күні» атты мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында қатысушылар тыл еңбеккерлері мен залда отырған концлагерь тұтқынын құрметтеп, қошемет көрсетті.
Салтанатты іс-шарадан кейін кент әкімі аппараты Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірге «Сіздердің ерліктеріңіз – мәңгілік» атты акция ұйымдастырып, тыл ардагерлерін үйлеріне барып құттықтады.
Барша Новодолинский тұрғындарын мерекемен құттықтаймыз! Осы ұлы күні көңілдеріңіз көтеріңкі болып, әр шаңыраққа бақыт пен денсаулық тілейміз. Біз үшін бейбітшілік пен еркіндікті сыйлаған ерлердің ерлігін ұмытпайық!
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/novodolinskiy-shahtinsk/press/news/details/993610?lang=kk
Жауап қалдыру