Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шахановпен бірге ауданда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері — Василий Иванович Зинченко мен Николай Александрович Таратунинге арнайы барып, құттықтау жасады.

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ардагерлерге Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар табысталды. Шын жүректен шыққан ризашылық сөздер мен жылы ықылас — болашақ ұрпақ үшін бейбіт өмір сыйлаған жандарға деген құрметтің бір белгісі.

Мұндай кездесулер — батырлық пен ерліктің ешқашан ұмытылмайтынын білдіретін маңызды дәстүр, әрі алғыс білдірудің тағылымды мүмкіндігі.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/993751?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді