ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ “ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ӘНДЕР” АТТЫ АУДАНДЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

5 мамыр күні аудандық мәдениет сарайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіске жетелеген әндер» атты аудандық патриоттық әндер байқауы өтті. Қазылық жасаған алқасының құрамы: қазылар алқасының төрайымы – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ануар Карима Тойшыбекқызы, қазылар алқасының мүшесі – аудандық мәдениет сарайының бөлім меңгерушісі Мауленова Зәуреш Молдаханқызы, қазылар алқасының мүшесі – аудандық мәдениет сарайының әншісі Жақыпбай Гүлмарал Ержанқызы. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін сараптап төмендегіше жүлделі орындарды бекітті. І орын Шардара қаласынан Ділдәбек Асылбек , Ⅱ орын Қызылқұм ауылынан Камалбай Жансезім Ербұланқызы, ⅠІІ орын Егізқұм ауылынан Сарсенали Мейіржан Дарменұлы, Шардара ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен Қоссейіт ауылынан Талдыбай Раяна, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы жүлдесімен Алатау батыр ауылынан Пернебек Рамазан Бердібекұлы, қатысқаны үшін арнайы жүлдесімен Сүткент ауылынан Сержан Каусар, Көксу ауылынан Сейлхан Айзере Балтабайқызы, Қ.Тұрысбеков ауылынан Серікбай Мерей Алибекқызы, Ұзын – ата ауылынан Бекталин Балауса Рүстемқызы арнайы жүлдесімен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/993293?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді