
9- мамыр қарсаңында біздің ауданда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған маңызды нысан — Ардагерлер аллеясының салтанатты ашылуы өтті.
Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиевтің, Ардагерлер кеңесі мен ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен Жас-Қанат шағын ауданында аллеяның ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Рәсімге ҰОС ардагерлерінің туыстары мен жақындарының қатысуы бұл шараға ерекше маңыз берді.
Аллеяда ерлікті, батырлықты бейнелейтін ескерткіш бедер тақта орнатылды. Жеңіс мерейтойына орай аллеяға 30 ағаш отырғызылды, соның ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері — Василий Иванович Зинченко мен Николай Александрович Таратуниннің құрметіне арналған атаулы ағаштар да бар.
Салтанатты шара кезінде оркестр өнер көрсетіп, шараның рухани маңызын арттырды. Ескерткіш бедер тақтаға гүл шоқтары қойылды. Бұл игі дәстүрге бабалар ерлігін естен шығармайтын болашақ ұрпақтың символы ретінде балалар да белсенді қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/993798?lang=kk
Жауап қалдыру