Ұрпақтарымен мәңгі жасайтын есімдер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Ұрпақтарымен мәңгі жасайтын есімдер» атты мemoryWatch ұйымдастырды.

Шараға Абай облысы қорғаныс істері басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыс инспекторы Сауле Айдаргазиновна Турганбаева мен Таулы Қарабах аумағындағы бітімгершілік ардагері Ерсайын Мұхаметқалиұлы Жанпейсов және №16 Т.Аманов атындағы мектеп оқушылары қатысты.

Іс-шара басында кітапхана қызметкері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан Жеңіс күні – әрқайсымызға жақын және қымбат мереке екенін айтты. Миллиондаған отандастарымыздың жауды жеңуде қосқан еңбектегі үлесі мен ерліктерін баян етіп, қазақстандықтардың ерліктері Ұлы Отан соғысы тарихының жарқын беттері ретінде жазылғанын атап өтті.

Еске алу кеші жалғасында кітапханашы Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған Әлия Молдағұлова туралы әңгімелеп, қазақ әйелдерінің ішінде Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұловаға ғана (қайтыс болғаннан кейін) Кеңес Одағының Батыры атағы берілгенін атап өтті.

Әрі қарай, ұлтымыздың қаһарман қызының өмірі мен майдан даласында жасаған ерлігі бейнеленген көркем деректі фильм мен «Аңызға айналған батыр қыз» атты слайд-тұсаукесер көрсетілді.

Шара жалғасында №16 Т.Аманов атындағы мектептің мамандандырылған «Жас сарбаздар» сыныбының 2 сынып оқушылары патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқыса, М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің студенті Таңшебер Ахметбек «Әлия» монологын оқыды.

Іс-шара соңында қатысушылар «Ұмытылмас ерліктің данқы өшпейді» көрме-инсталляциясында қойылған әдебиеттермен танысты.

 

 

 

 

Қалалық орталық кітапхана

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/993624?lang=kk