
2025 жылдың 1–10 мамыры аралығында Шымкент қаласында 2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.
Елдің түкпір-түкпірінен келген үздік құрама командалар жасыл алаңда өзара мықтыны анықтады.
Жоғары деңгейде өткен бәсекеде жас футболшылар ерекше жігермен, ұйымшылдықпен және шеберлікпен көзге түсті.
🏆Тартысты турнир қорытындысы бойынша:
I орын – Жамбыл облысының құрамасы;
II орын – Астана қаласының құрамасы;
III орын – Шымкент қаласының құрамасы;
Жамбыл облысының команда бапкері Ерқасым Ешенқұл. Жаттықтырушының жетекшілігімен жасөспірімдер сенімді ойын көрсетіп, жеңіске деген ерік-жігері мен ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/993925?lang=kk
Жауап қалдыру