Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Мамыр 13, 2025
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы басты назарда

Жарияланды:

13/05/2025 04:21

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар
 
Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық репродуктивті денсаулық апталығын қолдай отырып, оны жоғары деңгейде өткізу мақсатында іс-шара кешенін әзірледі. Өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе отырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары мен Жастар денсаулық орталықтарында ашық есік күндері өткізіледі. Ашық есік күндері аясында халық репродуктивті денсаулығына байланысты мамандар кеңесіне жүгініп, қажетті тексерулерден өтіп, тиісті ем алуға мүмкіндіктер алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Аналар денсаулығын сақтау басқарамасының басшысы Шакизат Халықова ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, апталық барысындағы шараларды жүзеге асыру мақсатында өңірлерде әр күнге арнайы бейінді мамандар тарапынан спикерлер тізімі жасақталып, бекітілген.

«Денсаулық сақтау министрлігі халықтың, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту мақсатында бірталай іс-шара іске асырып отыр. Атап айтқанда, ауылдық деңгейдегі қыз балаларды гинекологиялық әртүрлі патологиялық жағдайларды дер кезінде анықтау үшін ауылдық жерлерде балалар гинекологысының болуын қамтамасыз етіп жатыр. Анықталған патологиясы болған жағдайда қыз балалардың репродуктивті денсаулығын қалыптастыру, сауықтыру мақсатында облыстық, республикалық медициналық мекемелерге жолдау маршруты бекітілді. 2026 жылға дейінгі балалар гинекологиясын жетілдірудің Жол картасы әзірленді», – деді спикер. 

Жасөспірімдер мен жастар арасында отбасының маңыздылығы мен репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру мақсатында елімізде 103 Жастар денсаулық орталығы (ЖДО) жұмыс істейді. Мұнда 10-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға және 18-29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді. 2024 жылдың есебі бойынша ЖДО-на 780 мыңнан астам жастар көмекке жүгінген. Олардың 84%-ы – қала жастары. Сол себепті облыс пен аудан деңгейінде де осындай орталықтар ашу жұмысы жүргізіліп жатыр.  

Айта кетерлігі, кешенді шаралар нәтижесінде соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы жүктілік 43%-ға төмендеп, 1000 жасөспірім қызға шаққандағы көрсеткіш 4,25 болды. Сондай-ақ осы жастағы жасөспірімдер арасында туу және жасанды түсік жасау көрсеткіші айтарлықтай төмендеді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-aisary/press/news/details/993730?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: АРМЫСЫҢ, ВОЛОКОЛАМСК!
Next: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына гүл шоқтарын қою рәсімі→


200News

ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Go to mobile version