Жемқорлыққа қарсы мобильді топ Жетісай және Шардара ауданының ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсетеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында адвокаттар, сот орындаушылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлардың қатысуымен 2025 жылғы 14 мамыр күні Жетісай ауданына қарасты Қазыбек би және Қызылқұм, Шардара ауданына қарасты Шардара және Жаушықұм ауылдық округтерінің тұрғындарына құқықтық көмек көрсетеді.
Мобильді топтың мақсаты – ауыл тұрғындарына тегін құқықтық көмек көрсету, туындаған құқықтық мәселелердің шешілу жолдарын қарастырып, заңгерлік кеңес беру.
Заң көмегінің Жетісай ауданына қарасты ауылдарда өтетін орны және уақыты:
– Қазыбек би ауылдық әкім аппараты, сағат 09:30 – 10:30, Қазыбек би ауылы, Асар көшесі №11;
– Қызылқұм ауылдық округ әкім аппараты, сағат 11:00 – 12:00, Қызылқұм ауылы, Қ.А.Яссауи көшесі №24.
Шардара ауданына қарасты ауылдарда өтетін орны және уақыты:
– Шардара қаласы әкім аппараты, сағат 14:30 – 15:30, Шардара қаласы, С.Әшіров №6;
– Жаушықұм ауылдық округ әкім аппараты, сағат 16:00-17:00, Жаушықұм ауылы, Жаушықұм көшесі №4.
Аталған шара аясында кез келген азамат қажетті құқықтық көмек ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/993326?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді