
ЖЕҢІС КҮНІ — ЖАСАМПАЗ МЕРЕКЕ
Жеңіс күні- бейбітшіліктің қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын дәлелдейтін, отанын қорғаған жауынгерлермен офицерлердің айбынын, жеңісті жақындатқан тыл еңбеккерлерінің мәңгі өшпейтінін дәлелдейтін күн.
Бүгін 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Ұрпаққа ұран болған Ұлы жеңіс” атты салтанатты іс-шара өтті.
Ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл ардагерлері және аудан тұрғындары Жеңіс мемориалындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімін жасады.
Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық тұрғындарға жеңіс лентасын таратып, майдангерлердің ерлігіне тағзым етті.
Қ.ЖЕҢІСҰЛЫ
СЫРЫМ ЕЛІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/993705?lang=kk
Жауап қалдыру