
Ақтаудағы Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында жазушы Заки Зайнуллиннің «41 жылдың келіншектері» атты драмалық комедиясы сахналанды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спектакльде соғыстың алғы шебінде қайсарлықпен шайқасып, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ардагер сарбаздардың ауылда қалған әйелдерінің тағдыры баяндалды. Қойылымда тылда қажырлы еңбек еткен аналардың, арулардың батырлығы көрініс тапты.
-Драмалық комедияны көрерменге Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының әртістері паш етті. Жеңістің 80 жылдығына арналған қойылым 1 сағат 40 минутқа созылды. Қойылымда елі мен жері үшін жанын пида еткен қаһармандардың ерлігі дәріптеледі, – деді Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының басшысы Айдос Тастаев.
Спектакльден ерекше әсер алған көрермен өз пікірімен бөлісті.
-Спектакль жоғары деңгейде өтті. Себебі әртістер бізді сол уақытқа апарып тастағандай болды. Батырларымыздың ерлігін ерекше етіп жеткізді. Қойылымды қойғандарға алғысымды айтамын, – деді көрермен.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/993441?lang=kk
Жауап қалдыру