Жеңістің 80 жылдығына орай батырлардың рухына тағзым етілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңіс күніне орайластырылған шаралар қаламызда соғыста қаза болған жауынгерлерді еске алып, оларға тағзым етумен басталды.

«Мәңгілік алау» Даңқ обелискісі мемориалдық кешенінде, Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш алаңында облыс және қала басшылығы, депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері, әскерилер, қаза болған жауынгерлердің туыстарының қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Шараға қатысушылар майдан даласынан оралмаған талай ақтөбелік батырды үнсіздікпен бір минут еске алды.

Жеңіс күні – тек тарихи дата ғана емес, жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы биіктеп, Жеңістің жалауы желбіреген күн. Уақыт сынаптай сырғып, жылдар өтсе де, ерлік ешқашан ұмытылмайды. Зұлмат соғыстан қаза болған батырлардың рухына тағзым етеміз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/993577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді