
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Текелі қаласында жастардың қатысуымен «GreenSteppe» атты экологиялық акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және жастарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде тарту. Бағдарлама аясында қаланың туристер жиі баратын табиғи аумақтарында қоқыс уақыт-уақытымен жиналып, негізгі демалыс орындары мен маршруттар қамтылды. Акция барысында жоспарлы түрде бірнеше аумақты тазалауды көзделген.
– Бүгін біз маңызды әрі мағыналы шарада бас қосып отырмыз. «GreenSteppe» экологиялық акциясы – бұл тек табиғатты тазарту ғана емес, сонымен қатар жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған бастама. Әрбір белсенділік – бұл Жетісудың экологиялық болашағына қосқан үлес, – Жетісу облысы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Арнай Рақымберліұлы.
Жыл басынан бері Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жоспарланған барлық іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. Жалпы сенбіліктер мен экологиялық акцияларға 17 мыңнан астам адам қатысып, 295 техника жұмылдырылды, 1 209 тонна қоқыс шығарылды, 132 саябақ пен сквер тазартылып, 17 мыңнан астам қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.
«Jetisy jastary» КММ ұсынған мәліметтер бойынша дайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-tekeli/press/news/details/993481?lang=kk
Жауап қалдыру