Жыланды ауылдық округінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыланды ауылдық округі саябағында 9-мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран” атты салтанатты жиын өтті. Елдік пен ерлікке толы тағылымды іс-шараға ауыл тұрғындары, мектеп ұжымы, оқушылар және құрметті қонақтар қатысты.

Салтанатты жиын барысында округ әкімі М.Садуакасов құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге алғыс білдірді.

Іс-шара Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасып, барша қатысушылар батыр бабалар рухына тағзым етті.

Жиын барысында мәдениет үйі мен мектеп ұжымы дайындаған патриоттық қойылымдар мен мерекелік концерт көрермен назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, мәдениет үйінде Ардагерлер бөлмесінің ашылуы, волейбол турнирі ұйымдастырылып, Құран бағышталып, ас берумен іс-шара өз мәресіне жетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/993985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді