
Заңдылық пен тәртіп, адалдық және белсенді азаматтық ұстаным қағидаттарын ілгерілету шеңберінде Қонаев қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Адал азамат – адал жеңіс» республикалық марафоны өтеді.
Іс-шара ағымдағы жылы 17 мамырда басталады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға, этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарқын спорттық шараға айналмақ.
Қатысушылар Қонаев қаласының көрікті көшелерімен 5,5 шақырым қашықтықты бағындырады. Физикалық даярлық деңгейіне қарамастан 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Марафонға қатысу тегін.
Қатысушыларды тіркеу марафон басталатын жерде – Қонаев қаласының орталық алаңында таңғы сағат 08:00-де басталады. Барлық қатысушыларға бастапқы нөмір беріледі. Оған мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, жастар қозғалысының өкілдері, студенттер, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары белсенді қатысады деп күтілуде.
Марафон тек спорттық жарыс ретінде ғана емес, сонымен қатар жемқорлықтың салдары мен осы келеңсіз құбылысқа қарсы күресте қоғамның күш-жігерін біріктіру қажеттілігін түсіндіруге бағытталған әлеуметтік шара ретінде өткізілуде.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetysu/press/news/details/994059?lang=kk
Жауап қалдыру