
2025 жылдың 12 мамырында Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Мейірхановтың басшылығымен аумақтық қорғаныс күштері мен құралдары командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуларының I кезеңі өтті.
Оқу-жаттығудың тақырыбы: “Аумақтық қорғаныс күштері мен құралдарын арнайы орналастыру. Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде өңірлік жедел штабтың жұмысын ұйымдастыру”.
Іс-шара аясында төтенше жағдайлар туындаған кезде құрылымдар арасындағы іс-қимыл, үйлестіру және өзара іс-қимылдың практикалық дағдылары пысықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/994048?lang=kk
Жауап қалдыру