
«SCAT» әуе компаниясы мамыр айында Шымкент қаласының әуежайынан төмендегідей жаңа әуе маршруттарды ашуды жоспарлап отыр:
- 27 мамырдан бастап:
Шымкент – Будапешт (Мажарстан), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Мюнхен (Германия), аптасына 3 рейс;
- 29 мамырдан бастап:
Шымкент – Шанхай (Қытай), аптасына 2 рейс;
Шымкент – Сеул (Корея), аптасына 2 рейс;
Сондай-ақ «Air Astana» әуе компаниясы бірқатар жаңа халықаралық авиамаршруттарды іске қосуды жоспарлап отыр:
- 14 мамырдан бастап: Астана – Дананг (Вьетнам), аптасына 2 рейс;
- 27 мамырдан бастап: Атырау – Тбилиси (Грузия), аптасына 3 рейс;
- 28 мамырдан бастап: Алматы – Ош (Қырғызстан), аптасына 4 рейс;
- 31 мамырдан бастап: Атырау – Баку (Әзербайжан), аптасына 3 рейс;
«Fly Arystan» әуе компаниясы:
- 18 мамырдан бастап: Алматы – Құлжа (Қытай), аптасына 2 рейс;
- 28 мамырдан бастап: Астана-Газипаша (Түркия), аптасына 2 рейс;
Өзбекстандық «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы биылғы жылдың 5 мамырынан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы – Ташкент (Өзбекстан) бағытын іске қосты.
Сондай-ақ, осы жылдың 13 мамырынан бастап «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясы Астана – Баку (Әзербайжан) бағыты бойынша рейстердің жиілігі аптасына 3-тен 4 ретке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/994090?lang=kk
Жауап қалдыру