
Биылғы жылы ел Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауданның тыл ардагерлері соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің атынан жолданған мерекелік медалді аудан әкімі М.Мұхтаров және Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Ө.Қызылов, ауданның Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Г.Ахметова, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің орынбасары Ж.Амантай мен аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры М.Ибрайкин табыс етті. Бүгінгі таңда ауданымызда 3 соғыс ардагерлерінің жұбайы және 18 тыл ардагері тұрады. Оларға құрмет көрсетуден бөлек әлеуметтік қолдау шаралары да назардан тыс қалмай келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/993998?lang=kk
Жауап қалдыру