Қызылорда қаласының прокуратурасымен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары қорғалды.
Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағ идасының талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдар тәулік ішінде күндізгі және түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері инватакси қызметін пайдалануға құқылы.
Дегенмен инватакси қызметі тек дүйсенбі-жұма күндері сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері жекелеген әлеуметтік нысандарға ғана тасымалдауды жүзеге асырған.
Қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен келісімшарттарға өзгерістер енгізіліп, инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі Қағида талаптарына сәйкестендіріліп, тасымалдау уақытына белгіленген шектеулер алынды.
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/994102?lang=kk
Жауап қалдыру