
ТЖД бастығы полковник Марғұлан Аманбаев Департаменттің жеке құрамына Қарағанды облысы ТЖД бастығының жаңа орынбасарын таныстырды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұл лауазымға бұрын ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті Авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары басқармасының бастығы қызметін атқарған Қайрат Жанаспаев тағайындалды.
Қайрат Жанаспаев 1992 жылы 04 қаңтарда Ақмола облысы, Щучинск қаласында дүниеге келген. Өрт қауіпсіздігі және құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.
2009 жылдан бастап құқық қорғау органдарында әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Қарағанды облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/994004?lang=kk
Жауап қалдыру