Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді:

Жарияланды:

Автор:

категорияда
  1. Дала және орман өрттерінен сақ болайық!

Өрт қаупінің жоғарылау кезеңінің басталуына байланысты қазіргі уақытта байланыс диспетчерлік пунктіне тәулік бойы құрғақ шөп пен дала жерлерінің жануы туралы қоңыраулар келіп түсуде. Өрт сөндірушілерге тыным жоқ. Бір аумақта өртті сөндіру кезінде екінші жақтан тағы бір шақырту түседі. Осындай жиі шақыртулардың басты себебі – ауа температурасының жоғарылауы. Қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Өрттің шығу себептері әртүрлі. Дегенмен, өрттердің басты себебі – адам факторы. Тасталған темекі тұқылы, сөндірілмеген от — бәрі өртке және ауыр зардаптарға әкеледі. Мұның бәрі адамдардың табиғатқа деген немқұрайлы көзқарасының салдары.

Бұл жағдайлар Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерін алаңдатпай қоймайды. Осыған байланысты бөлімнің инженерлік құрамы апталық рейдтер, кездесулер, дала және орманды-дала аймақтарының осал жерлерін аралауды тұрақты түрде жүргізуде. Бұл шаралардың негізгі мақсаты — өрт ошақтарын ерте анықтап, жедел шаралар қабылдау.

Құрметті тұрғындар, желді күндері құрғақ шөп пен қоқысты жағудан бас тартуларыңызды өтінеміз.
Өрт қаупі жоғары кезеңде шаруа қожалықтары мен егістік алқаптарының айналасын уақытылы жыртуды сұраймыз.

Құрметті аудан тұрғындары, Жетісу өлкесі көрікті табиғатымен, бай өсімдіктер әлемімен, дала және орманды-дала алқаптарымен танымал. Осы табиғатты сақтап қалу – әрқайсымыздың міндетіміз. Дала өрттерінің алдын алу үшін әрбіріміз өз орнымызда қажетті шараларды атқарайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/994087?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді