«Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды азаматтық қоғам күштерімен әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды іске асыру»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қорған-М» Қоғамдық Бірлестігі 2024 жылғы 12 наурыздан бастап «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды азаматтық қоғам күштерімен әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды іске асыру» жобасын іске асыруға кірісті – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну,
мониторингілеу және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес 2024 жылғы 12 наурыздағы № 11 жасалған шартқа сәйкес және сараптама комиссиясының 2024 жылғы «01» наурыздағы №1 шешімі негізінде.
Жобаның басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл мақсатқа Түркістан, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында 2024 жылғы наурыз бен 2025 жылғы қазан аралығында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғайтын жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтардың
қатысуымен әлеуметтік және еңбек интеграциясына бағытталған кешенді іс-шараларды іске асыру арқылы қол жеткізу көзделеді.
Жоба шеңберінде жұмысқа орналасу кезінде мүгедектігі бар адамдарды заңды және әлеуметтік сүйемелдеуге арналған «Инклюзивтік бастамалар/Инклюзивные инициативы», тегін консультативтік Telegram-бот жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-enbek/press/news/details/994018?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді