Репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Шара ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен еліміздің барлық өңірлерінде биыл екінші рет ұйымдастырылды. Ақтөбе облысында алдағы бір апта бойы халықтың репродуктивті денсаулығының маңыздылығын түсіндіруге, кәмелет жасына толмағандар жүктілігінің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын-алуға бағытталған бірқатар шаралар өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Маржан Қорғанбаева мен облыстың денсаулық сақтау және білім басқармаларының өкілдері мәлімдеді.

Денсаулық апталығының аясында Ақтөбе қаласында 4 Жастар денсаулық орталықтары базасында және аудандық ауруханалардың Жастар денсаулық орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылды. Ашық есік күндері аясында халық репродуктивті денсаулығына байланысты мамандар кеңесіне жүгініп, қажетті тексерулерден өтіп, тиісті ем алуға мүмкіндіктер алады. Сондай-ақ, апталық аясында халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау мақсатында көптеген дәрістер, онлайн-офлайн семинарлар мен тренингтер өтеді. Оған кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысады.

Атап өтейік, жасөспірімдер мен жастар арасында отбасының маңыздылығы мен репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру мақсатында өңірдің емханаларында Жастар денсаулық орталықтары жұмыс істейді. Мұнда жыл бойы 10-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарға және 18-29 жас аралығындағы жастарға медициналық, емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/994082?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді