
2025 жылғы 12 мамырдан 19 мамырға дейін Қазақстан Республикасында президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен (екінші жыл ) халықтың репродуктивті денсаулығын қорғауға арналған апта өткізіледі.
Аптаның қажеттілігінің негіздемесі жасөспірімдердің жыныстық өмірдің ерте басталуымен байланысты қауіптер, қажетсіз жүктіліктің алдын алу әдістері, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың таралуының жоғары деңгейі туралы аз хабардар болуы болды. Аптаның бастапқы іс-шарасы БАҚ алаңында брифинг болып белгіленді. Денсаулық сақтау тарапынан негізгі іс-шаралар жекелеген бағыттарда: жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы, ҚЖӘ, отбасын жоспарлау, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға қарсы іс-қимыл, адам папиломасы вирусының алдын алу. Денсаулық орталықтарында, емханаларда ашық есік күндері, тегін тексерулер, консультациялар, ағарту іс-шаралары өткізіледі.
Апта барысында СҚО халқы аурулардың алдын алу мәселелерін, репродуктивті денсаулықты қалай сақтау керектігін, қажетсіз жүктіліктің алдын алуды қалай жүргізу керектігін, жүктілікке дайындықты қалай жүргізу керектігін (прегравидарлық дайындық)білуге бірегей мүмкіндік алады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/994094?lang=kk
Жауап қалдыру