Рудный қаласындағы “Қазақстанның қауіпсіз және салауатты қоғамдастықтары” жобасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рудный қаласында Бас прокуратураның бастамасымен «Қазақстанның қауіпсіз және салауатты қоғамдастықтары» жобасы басталды. Жобаның мақсаты – Әлеуметтік және құқықтық мәселелерді шешуге жүйелі көзқарас және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.

Жобаның негізі С.А.Р.А. әдістемесі болып табылады, оған мыналар кіреді: Сканерлеу (ақпарат жинау); Талдау (мәселені зерттеу); Жауап беру (мәселені шешу шаралары ); Ассесмент (бағалау).

Жоба аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері мен халықаралық сарапшылар    облыстың құқық қорғау  және уәкілетті органдарының қызметкерлері үшін семинар өткізді.

Сондай-ақ, облыс әкімдігі, прокуратура, полиция департаменттері және облыстың қылмыстық-атқару жүйесі басшылығының қатысуымен жұмыс тобы құрылды.

Бұдан басқа, облыс прокуратурасының бастамасымен “Пробация Үйі”, “Стоп рецидив” және “Алаяқтардан қорғау” жобаларын іске асыру жалғастырылатын болады.

 

«Заң мен Тәртіп»

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/994056?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді