@TazaQazBot телеграм-чат-ботына 18 мыңнан астам өтінім түсті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Платформа еліміздің тұрғындарына әртүрлі экологиялық мәселелер бойынша өтініш пен шағым берудің қарапайым және ыңғайлы тетігін ұсынады. Өтінімді жіберу үшін авторизациядан өту, фотосуретті тіркеу, мекенжайды көрсету және мәселені қысқаша сипаттау жеткілікті.

Өтінімдер автоматты түрде тиісті жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Орындаушылар жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесепті тіркеуге міндетті.

@TazaQazBot телеграм-чат-ботын Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылдың маусым айында қоршаған орта жағдайына қоғамдық бақылауды арттыру және азаматтарды экологиялық проблемаларды шешуге қатыстыру мақсатында іске қосты.

Платформа қоршаған ортаның ластануына және экологиялық нормаларды бұзуға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/994091?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді