
Бүгінде Байнассай және Ақмоласай ауылдарына ауылішілік газ құбыры тартылуда. Құрылыс жұмыстарын «Ерзат» өндірістік кооперативі жүргізуде. Газ құбырының жалпы ұзындығы — 53,9 шақырым.
♻️ Мәртөк ауданы бойынша 32 елді мекеннің 17-сі (53,1%) газдандырылды, тұрғындар саны 25 712 (86,8%).
📌 Қазіргі таңда келесі нысандарда құрылыс-монтаж жұмыстары басталды:
Хазірет ауылында жеткізуші және ауылішілік газ құбырын салу (мердігер – «Алихан ойл З» ЖШС, ұзындығы — 47,8 км)
Шевченко, Қызылжар және Бөрте ауылдарын газдандыру (мердігер – «Ерзат» ӨК, ұзындығы — 74 км)
🛠 Сонымен қатар Аққайың, Полтавка және Покровка ауылдарына да жеткізуші және ауылішілік газ құбырын тарту жоспарлануда.
✅ Бұл жұмыстар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, ауыл инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/994901?lang=kk
Жауап қалдыру