2025 жылғы 13 мамырда БҰҰДБ Қазақстанда тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі мемлекеттік қаржының рөлі туралы семинар өткізді.
Қатысушылар арасында Сенаттың вице-спикері Ольга Перепечина, Сенат және Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми институттар мен мәслихаттардың өкілдері бар.
Қостанай облыстық мәслихатының атынан тұрақты комиссияның төрағасы Махаббат Жутаев қатысты.
Ольга Перепечина өз сөзінде бұл семинар тұрақты даму саласындағы ұлттық міндеттердің орындалуын бақылау жөніндегі парламенттік комиссия жұмысының қисынды жалғасы болып табылатынын атап өтті. «Біз, Сенат депутаттары мен парламенттік комиссия мүшелері үшін бюджет қаражатын тиімді пайдалану тетіктерін терең түсіну 2030 жылға дейінгі күн тәртібін табысты іске асырудың негізгі факторы болып табылады. Мемлекеттік қаржы – орнықты даму саласындағы аса маңызды міндеттерді шешуге бағытталған қуатты құрал».
БҰҰДБ мен экономикалық зерттеулер институтының талдауы бойынша ҚР бюджетінің 80%-ке жуығы ТДМ іске асыруға бағытталған.
Негізгі сын-қатерлер талқыланды: бюджеттік сыныптаманы бейімдеу қажеттілігі, ведомствоаралық үйлестірудің болмауы, деректердің тапшылығы және өңірлік ерекшелікті есепке алу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/994848?lang=kk
Жауап қалдыру