Адал қоғамды қалай қалыптастыруға болады: Целиноград ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданының Ақмол ауылында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Іс-шараны Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі жариялаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Asem Alem» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Семинар спикері ретінде Ерлаз Жайықбаев сөз сөйледі — ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ерікті, «Ақ Блогер» қоғамдық бірлестігінің президенті, сондай-ақ Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі.

Семинар барысында қатысушылар адалдық, ашықтық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығы туралы маңызды ақпарат алып, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері, тиімді қоғамдық бастамалар үлгілері қарастырылып, азаматтық белсенділікке бағытталған ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/994923?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді