«Anti-fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы: көлік полицейлері интернет-алаяқтықпен күресті күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13–15 мамыр аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықты пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған «Anti-fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

2025 жылы Көліктегі ПД-нің құрылымында киберқылмыспен күрес жөніндегі мамандандырылған бөлім құрылды. Осы бөліммен жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде интернет-алаяқтық фактілерінің тіркелуі 5-тен 2-ге дейін азайды.

«Anti-fraud» іс-шарасы аясында киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері Астана-1 теміржол вокзалында жолаушылармен кездесу өткізді. Олар азаматтарға интернет-алаяқтықтың зардаптарын түсіндіріп, аталған қылмыстық құқық бұзушылықтың негізгі тәсілдері мен әдістері туралы айтты. Сондай-ақ, жолаушылаған азаматтарға брошюралар мен парақшалар таратып, профилактикалық бағыттағы бейнероликтер көрсетті.

Іс-шараға көлік прокуратурасының өкілдері мен екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері де қатысты.

Азаматтарға цифрлық гигиенаны сақтаудың маңыздылығы, яғни, жеке деректер мен құпия сөздерді үшінші тұлғаларға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз қосымшаларды орнатпау туралы ескертілді.

«Алаяқтар азаматтарды алдау үшін цифрлық технологияларды, әсіресе, әлеуметтік желілерді, фишинг сілтемелері мен жалған банк схемаларын белсенді пайдаланады. Біздің мақсатымыз – азаматтарды ескертіп, олардың қаржысын ұрлатпау», – дейді Көліктегі ПД-нің киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Руслан Құрманов.

Банк өкілдері қаражаттық шығындарға ұшыраудың басты себебі – азаматтардың қаржылық сауаттылығының төмендігінен екенін атап өтті. Сонымен қатар, олар банктерде автоматты түрде күмәнді операцияларды анықтап, құқыққорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын anti-fraud жүйелері орнатылғанын жеткізді.

Көліктегі полиция департаменті барлық азаматтар мен әуе және теміржол көлігінің жолаушыларын қырағы болуға шақырады. Егер интернет-алаяқтыққа күдік туындаса, дереу «102» нөміріне хабарласу керек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-transport/press/news/details/995070?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді