Ақшұқыр ауылында балаларға арналған екі ойын алаңы пайдалануға берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақшұқыр ауылында балаларға арналған екі ойын алаңы пайдалануға берілді

Ақшұқыр ауылында заман талабына сай балаларға арналған екі ойын алаңы қолданысқа берілді, – деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы. Ауыл орталығындағы екі көшеде орналасқан екі балалар ойын алаңында әр түрлі сырғанақтар мен әткеншектер орнатылған. Балалардың қауіпсіздігі үшін алаң толықтай қоршауға алынған. Ашылу салтанаты отбасы күні аясында өткен іс-шараға Түпқараған ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев, Ақшұқыр ауылының әкімі Еркебұлан Жәнібек және ауыл ардагерлері құрметті қонақ ретінде қатысты. Ауыл әкімі балалардың игілігіне берілген ойын жабдықтарына салғырт қарамай, ұқыпты ұстауға, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырды. -Бүгін Отбасы күні аясында ауылымызда екі бірдей балалар ойын алаңы қолданысқа беріліп жатыр. Халықтың сұранысымен ыңғайлы жерге орналасқан. Балалардың жақсы демалысы үшін біз барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Бүгінгі ойын алаңын ұқыпты ұстап, салғырт қарамауға шақырамын,- деді ауыл әкімі Еркебұлан Жәнібек. Жаңа балалар алаңы көпшіліктің көңілінен шықты. Балалар да, ата-аналар да дән риза. -Біз балаларымыз үшін өте қуаныштымыз. Бүгін балаларға арналған ойын алаңы пайдалануға беріліп жатыр. Осы сияқты ойын алаңдары көбейе берсін,- деді ауыл ардагері Бектұрған Ергалиев. Жалпы Ақшұқыр ауылында балаларға арналған бірнеше ойын алаңдары бар. Ауыл әкімдігі алдағы уақытта ойын алаңдарын салу жұмыстары жалғасатынын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/995523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді