Ақтөбе облысы бойынша балалардың жазғы сауықтыру ұйымдары туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы облыс бойынша Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің аумақтық басқармаларының бақылауында – 7 жазғы сауықтыру ұйымдары (бұдан әрі – ЖСҰ) тұр, оның ішінде:

– маусымдық – 5 (Ақтөбе қ. – 3 («Шұғыла», «Campit», «Нефтяник»), Қобда ауданы – 1 («Әлия»), Хромтау ауданы -1 («Мугоджары»));

– жыл бойы жұмыс жасайтын – 2 (Ақтөбе қ. -1 «Әсем», Алға ауданы -1 «Күншуақ»).

Айта кетсек, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің  19-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес эпидемиялық мәні жоғары объектінің рұқсат беру құжаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болып табылады делінген. Қала сыртындағы лагерьлер санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажет.

 Қазіргі таңда жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлердің СЭҚ бар. Ал маусымдық лагерьлерге санитариялық-қорытынды алу үшін өтініштер келіп түсуде.

Жоғарыда баяндалған негізінде, жазғы демалыс кезінде балалардың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, Департамент келесідей ұсыныстар береді:

  1. Жазғы маусым басталар алдында лагерьді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріп, СЭҚ алу.
  2. Лагерьлерге жыл сайын жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуді және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру.
  3. Объектінің жобалық қуатына сай лагерьге балаларды қабылдау.
  4. Жаппай тамақтан уланудың алдын алу мақсатында тамақтануды ұйымдастыру барысында лагерьлердің ас блогтарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң түрде сақталуын бақылауды күшейту.
  5. Жеткілікті көлемде төсек жабдықтармен, ыдыс–аяқ, дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз ету.
  6. Ауыз су режимін ұйымдастыру.
  7. Персоналдарды оқыту, жеке медициналық тексерістен толық көлемде өткен жағдайда ғана жұмысқа қабылдау.
  8. Балалар сауықтыру ұйымдарында өндірістік бақылауды қамтамасыз ету.
  9. Медициналық пункт және изоляторларды тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету.

 

                                         

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-aktobe/press/news/details/995556?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді