Астанада “Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мемлекеттік қаржының рөлі” тақырыбында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Астана қаласында Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы «Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мемлекеттік қаржының рөлі» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған семинарға Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссия мүшелері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, облыстық мәслихат төрағалары, сондай-ақ Алматы облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаев қатысты.

Семинарда климаттың өзгеруімен күрес, энергетикалық көшу және теңсіздікті қысқарту сияқты басым бағыттар бойынша ұлттық фискалдық саясаттың ерекшеліктерін талқылау, жаһандық тәжірибелерді, құралдар мен әдістемелерді саралау, сондай-ақ аталған мәселелер бойынша ашық диалог жүргізілді.

Семинар жұмысына Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік қаржы саласындағы жаһандық сарапшылар – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мамандары қатысты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/994801?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді