
Бүгін Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Gylym Dauiri» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өңірде алғаш рет өтіп жатқан «AtyrauRobo» облыстық жастар фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Фестиваль 28-29 сәуір аралығында өткен республикалық Жұмысшы жастар форумы аясында ұйымдастырылуда.
Іс-шара – 14-18 жас аралығындағы жастардың инновациялық ойлау қабілетін арттырып, оларды ғылым мен технология саласына баулуды көздейді.
Фестиваль екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Атырау облысының 7 ауданында техникалық шығармашылық бағыт бойынша оқыту ұйымдастырылып, инженерлік шешімдер байқауы өткізілген болатын.
Бүгін бастау алған екінші кезең – алғаш рет технологиялар мен робототехникаға қызығушылық танытқан 400-ге жуық жасты қамтуда. Екі күнге созылатын шараға облыс аудандарынан іріктелген жастар қатысып жатыр.
Бағдарлама аясында шеберлік сағаттары, инженерлік байқаулар, Hackathon, көрмелер мен спикерлердің дәрістері ұйымдастырылып, өңірдегі білім беру ұйымдары мен технология саласындағы мамандар тартылған.
Айта кетейік, «AtyrauRobo» – бұл жастарды технология мен инженерия әлеміне тартуға, практикалық білім мен дағдыны дамытуға бағытталған өңірлік ауқымды жоба, жастарды болашақ инженерлер мен IT мамандар ретінде қалыптастыруға арналған бірегей алаң.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/994336?lang=kk
Жауап қалдыру