
13-15 мамыр аралығында Атырау облысы аумағында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыспен күреске бағытталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Жедел профилактикалық іс-шара – ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықты қолдана отырып жасалған құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, орын алған қылмыстарды ашу болып табылады. Іс-шара барысында әлеуметтік жарнамалар платформасында орын алған алаяқтық деректер, порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату деректері, бұрын орын алған интернет қолданушыларға қатысты алаяқтық қылмыстары да зерделенеді.
Осы ретте, Атырау облысы полиция департаменті Криминалды полиция қызметкерлері қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналған интернет-алаяқтықтан сақтану қажеттігін ескертеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/995313?lang=kk
Жауап қалдыру