Атырауда есірткі сайттарын жарнамалайтын граффитиді анықтау және жою жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау қаласы аумағында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Жастар рухы” Жастар қанатының Атырау облыстық филиалымен бірге есірткі құралдарын жарнамалау жүзеге асырылатын сайттарға сілтемелері бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Айта кету керек, Қазақстанда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Осы ретте, полицейлер есірткі заттарының граффити жарнамасына куә болған адамдардан “102” операторына немесе 98-21-55 (Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы), 27-03-92 (Облыс әкімдігінің білім басқармасы) сенім телефондары арқылы дереу хабарлауды сұрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/995318?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді