
Астана қаласы Әділет департаментінің «Мүліктік мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі» филиалының орындауында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының атқару парағы негізінде «Toyota 4Runner» маркалы автокөлігі тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу болды.
Атқару құжатының талабын орындау шеңберінде мемлекеттік сот орындаушымен «Toyota 4Runner» маркалы автокөлігі тәркіленіп, «ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» РММ-не берілді.
Жоғарыда көрсетілген атқару өндірісі бойынша шаралар қолдану барысында сот актісінің талаптары толық орындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-astana/press/news/details/994997?lang=kk
Жауап қалдыру